БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мейрамында жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Жайық үні» газетінің директоры-редакторы, жазушы Мира Шүйіншәлиева үшін бүгінгі күннің қуанышы екі есе.
Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев талантты жерлесімізге «Бөкей ордасы ауданының Құрметті азаматы» куәлігін табыс етті.
– Қасиетті Ордамның, киелі мекенім «Құрметті азаматым» деп бағалап, дәріптегеніне ризамын. Төбемді көкке көтеріп ардақтаған барша Бөкей ордалықтарға, Бисен Жәнекешов атындағы білім ұяма, осы қуанышымды бөліскен өңір басшыларына, аға-апаларыма, журналист әріптестерге, сыйлас жандарға сан мың алғыс айтамын, – деп алғысын айтты.