11.06.2021, 17:16
Қараулар: 125
“Ертөстік” егіздері

“Ертөстік” егіздері

Егіздер әлі күнге дейін адамзат әлеміндегі ең жұмбақ жаратылыс саналады. Жыл сайын әлемде бір миллионға жуық егіз дүниеге  келеді екен. Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында болса,  көш басында Нигерия елі тұр. Онда әрбір 22-әйел егіз босанады. Еуропа құрлығында 1000 баланың сегізі егіз болса, АҚШ-та қаранәсілді нәзік жандар жиі егіз табатын көрінеді.

 

Ауданымызда соңғы үш жылда бес  егіз  дүниеге келіпті. Солардың алды балабақшаға қадам басты

 

Бес минут айырмашылықпен жарық дүние есігін ашқан  Нариман мен Нұриман Мараттың жастары үште. Анасы Айшаның айтуынша Нариманы ашық мінезді, зерек, көбіне ағалығын білдіріп жүреді. Керісінше Нұриманның еркелігі мен тентектігі басым екен.

 

Бір жас он айға толған Аяна мен  Айлана Өтешқалиевалар да балабақша тәрбиеленушілері.Екеуінің де мінездері бір-біріне ұқсамайды.Аянасы  еркелеу, қазірден өзінің қалауын анық байқататын болса, Айлана  салмақты әрі кісі жатырқамайды. Ұйықтар алдында егіз апалы-сіңлілер бір—бірін ерекше іздеп, құшақтасып ұйықтайды екен.

Арай МАРАТ