12.05.2021, 15:20
Қараулар: 150
«ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»

«ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды  құрметтеп «Ақ халатты абзал жандар, адам жанының арашасы» деп жатамыз. Қалай атасақ та орынды. Бүгінгідей карантиндік шектеу кезінде дәрігер мәртебесі арта түсті. Сонымен қатар оларға жүктелген жауапкершіліктің де салмағы еселенді.  Саулыққа қауіптілігі тағы бар. Осы орайда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қолдауымен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы аясында COVID-19 дертімен күресіп жүрген дәрігерлерге «Денсаулық пакеттерін» табыстады.