12.05.2021, 15:12
Қараулар: 115
СӘТТІ ӨТКЕН ВЕБИНАР

СӘТТІ ӨТКЕН ВЕБИНАР

Жуырда облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сай М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық салыстырмалы зерттеуге  дайындықты ұйымдастыру» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.

Облыстық деңгейде өткен шара І деңгейлі оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қадимова «Мектепте оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық салыстырмалы зерттеуге (TIMSS) дайындықты ұйымдастыру жолдары» атты баяндамасымен бастады. TIMSS халықаралық зерттеуіне енетін пәндер тапсырмаларының берілу құрылымы бойынша түсінік берді.   Сондай-ақ, 2020-21 оқу жылында TIMSS- Халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық ретінде жасақталған жұмыс жоспарымен таныстырып, атқарылған іс-шаралар мониторингіне тоқталып, алдағы міндеттерді де ашып айтты. Аталмыш зерттеуге қатысатын оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау (әңгіме, сауалнама, тренингтер) үнемі басты назарда тұру қажеттігіне назар аударылды.   Математика және жаратылыстану пәндерінен TIMSS тапсырмалары бойынша өткен кіші мектепішілік олимпиада нәтижелері талқыға салынды.

Педагог-сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі Г.Зұлхарнаева TIMSS тапсырмаларын математика пәнін оқытудағы тәжірибесімен бөлісті.      «Домино», «Өзіңізді тексеріңіз», «Он сұрақ!»,  «Серпілген сауал» секілді әдістердің тиімділігін атап өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Сариева  «TIMSS-ке дайындық барысында жаратылыстану  ғылыми сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында баяндамасын ұсынды.

Вебинар жұмысы «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»  кері байланыс әдісі арқылы жүзеге асырылды. Шара соңында облыстық білім беруді дамыту орталығының бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Дариға Сағынаева  ұйымдастырушы әріптестеріне өз ризашылығын білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ