31.05.2020, 16:25
Қараулар: 158
Есейе келе бұл күннің маңызын ұқтым

Есейе келе бұл күннің маңызын ұқтым

Мергүл Рамазанова, М-С. Бабажанов мектебінің мұғалімі:

  1. Оқушы кезімізден саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы оқып өстік қой. Қайткенмен, тарихи оқиғалардың мән-маңызына тереңірек бойламаппыз. Есейген сайын бұл күннің еліміз үшін айтарлықтай орны бар екенін ұқтық. Жыл сайын репрессия құрбандарына арналған фильмдер жарық көруде. Жазықсыз жапа шеккендер қандай ауыр қиянаттарға төзе білген деп таңқаламын. Сондықтан бұл күнді елеусіз өткізуге болмайды деп есептеймін.
  2. Бес арыс атанған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытовтар. Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедовтер де репрессия құрбандары ғой.
  3. Өкінішке қарай, қудалауға ұшыраған бөкейліктерді білмеймін.