14.05.2020, 17:43
Қараулар: 105
МЕНІҢ НАҒАШЫ АТАМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

МЕНІҢ НАҒАШЫ АТАМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Менің нағашы атам Хабиб Шарафутдинов   1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан. Ол 1911 жылы  9 мамырда дүниеге келген. Биыл атам тура Жеңіс күні   108 жасқа толар еді.  Ол 29-атқыштар полкінде атқыш-мерген болған.  Соғыс кезінде неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жойғаны үшін ол алғысқа да ие болған. Атамның медальдарын көзіміздің қарашығындай сақтаймыз! Оның сол жақ иығынан және қолынан оқ өтіп, жараланған. Емделіп болған соң кері соғысқа аттанған. Нағашы әжемнің сөздерінен білгенім, атам өте батыл, патриот адам болған. Соғыстан кейін де ол ауылда қарбыз бен қауын өсіріп еңбек еткен. Оның қарбыздары  Мәскеудегі  халық шаруашылығы жетістіктерінің кұрмесіне қойылған. Менің нағашы атамды ауыл халқы құрмет тұтады. Мен де атамның ерлігін, елжандылығын мақтанышпен айтамын. Ол — өз ұрпақтарына үлгі, елінің соғыс ардагері, менің мақтанышым. Жеңіске үлес қосқан Хабиб атам мен үшін үлгі.

 

Нұрасыл Тұнғатаров,

Хан Ордасы ауылы