9.05.2020, 12:57
Қараулар: 91
Қан майданға аттанатын мезгілде…

Қан майданға аттанатын мезгілде…


Алтын қордан

 

 

Қан майданға аттанатын мезгілде

Қолыңа алып өпкеніңде сәл күліп,

Іңгәлаған сәби жүрек сезді ме?

Көріспесін, қоштасарын мәңгілік.

 

Кете бардың қайта оралып келмедің,

Өсиетің де, бейнең де жоқ есімде.

Ең болмаса қабіріңді көрмедім,

Бір төмпешік туған жердің төсіңде.

 

Аққан қаның – атқан таңның арайы,

Ар-ожданы күміс күн деп білемін.

Тағы келді Ұлы Жеңіс май айы

Ұлың ән сап, гүлге оранып тұр елің.

 Болат НАУРЫЗҒАЛИЕВ