12.03.2020, 12:35
Қараулар: 184
КОРОНАВИРУС ҚАУПІН БІЛІҢІЗ

КОРОНАВИРУС ҚАУПІН БІЛІҢІЗ

Құрметті азамат!

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұралады:

  • дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу;
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  • аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру;
  • жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).

Оқшауланған адам үйдегі карантин жағдайларында:

  • жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлінуі;
  • оған басқа адамдардың келуін болдырмау;
  • оның халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау;
  • қоғамдық көлікті пайдаланбауы қажет.

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары                                         

  1. Дене қызуынкүніне кемінде 2 рет өлшеу;
  2. Профилактика шараларын сақтау:
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу;
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  1. Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;
  2. 1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және қол жеткізілмеген медициналық көмек туралы хабарлау.

Ж. Бекшин,

 ҚР Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері