14.02.2020, 17:04
Қараулар: 669
СТУДЕНТТЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

СТУДЕНТТЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Бөкей ордасы колледжінде апталық өтті. Аталмыш шара аясында студенттер алты түрлі сайыстарда бақ сынап, білімдерін ортаға салды.

Білім сайысының алғашқы кезеңі «Мамандыққа саяхат» атты викториналық ойынмен бастау алды. «Сұңқар», «Тұлпар», «Барыс», «Аян» топтарына бөлінген «Тракторшы машинист», «Аспазшы», «ЭЕМ операторы»  мамандығының 2-3 курс студенттері логикалық сұрақтарға жауап беріп, тиісінше тапсырмаларды орындады. Бұл сайыста ой ұшқырлығын байқатқан сұңқарлықтар өзгелерден оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанды. Апталықтың екінші  күні «Своя игра»  интеллектуалдық ойынымен айшықталып, аспазшылардан құралған команданың бәсі биік болды. Үшінші күні «Тракторшы-машинист» тобының студенттері «Pit Stop»  практикалық жаттығулар  кезеңінде  автокөлік және трактор бөлшектерін қайта бұзып, жинаудан өзара жарысты. Нәтижесінде үшінші курс студенттері  Абылай Жасұланұлы, Елдос Мұқанов, екінші курстта оқитын  Армат Нұрмарданұлы,  Сағыныш Жанатовтар  техниканы меңгеруден жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Апталықтың төртінші күнінде аудандық жол патрулдік полициясы өкілінің қатысуымен  «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты  интеллектуалдық ойын  өткізіліп, студенттердің  жол ережесі бойынша білім деңгейлері бағаланды. «МТЗ 82.1» тракторы және «ГАЗ53» автокөлігін шебер тізгіншілері бесінші күнгі сайыста анықталды. «Ең үздік тракторшы» аталымына үшінші  курс студенті Елдос Мұқанов лайық деп танылса, автомобиль жүргізуден «Ең үздік жүргізуші» болып екінші курс студенті Мержан Нұфтоллин атанды. Апталықтың соңғы күні «Бәйге» инттелектуалдық ойынмен түйінделді. Онда «ЭЕМ операторы» тобының бірінші курс, «Аспаз» тобының үшінші курс студенттері жүзден жүйрік шықты. Айта кетелік, апталыққа белсене қатысқандардың баршасына алғыс хаттар табысталды.

Талғат ТҰРАЛИЕВ,

Бөкей ордасы колледжінің аға шебері

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар