23.01.2020, 16:10
Қараулар: 135
«САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛДЕ»

«САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛДЕ»

Осы тақырыпта аудандық «Қазпошта» АҚ филиалы мен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимараттарында ақпараттық-насихат шарасы өтті.

Оны аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы республика аумағында қолға алынған бұл бірегей акция аясында ұйымдастырды.

Шара барысында салық мамандары аудан тұрғындарына Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы түсінік беріп, азаматтар сауалдарына жауап берді.