10.01.2020, 9:56
Қараулар: 175
АҚЖАРМА ТІЛЕК – АҚЫНҒА

АҚЖАРМА ТІЛЕК – АҚЫНҒА

Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева бастаған лауазымды тұлғалар танымал айтыскер ақын, республикалық «Алтын домбыра » жыр додасының иегері, жерлесіміз Жансая Мусинаның үйіне арнайы бас сұғып, мерекемен құттықтап, сый-тартуын табыс етті.

– Айтыс әлемінде нәзік жандылар саусақпен санарлықтай болса, соның бірі де бірігейі біздің жерлесіміз Жансая деп білеміз. Талай азулы ақындардың басын қосқан дүбірлі додаларда бөкейліктердің мерейін тасытып жүрсіз. Күні кеше Орал қаласында өткізілген «Алтын домбыра» ақындар айтысында да орамды ой, сүбелі сөзіңізбен халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз,-деп ақжарма лебіздерін білдірді.

Ақын қызымыз да өз кезегінде арнайы келіп, құрмет көрсеткен жандарға алғысын білдіріп, игі тілегін жеткізді.

Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА