30.07.2018, 16:45
Қараулар: 250
Ағымдағы ақпарат

Ағымдағы ақпарат

Қойнауы құт, шежірелі мекен – Хан ордасы ауылына ай былай тұрсын, апта арылтпай келіп жататын ағайындар қаншама десеңізші?! Бүгін түс әлетінде облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бастаған бір топ құрметті меймандар осы киелі де қасиетті топыраққа табан тіреп, өлке тарихымен, ел-жұртпен танысып, біраз жайларға қанықты. Кейбір атқарылып жатқан оңды істерге өз ризашылық сезімін жеткізіп, таяу күндердің еншісіндегі бірқатар жұмыстарды да тілге тиек етті.

Айта кетелік, Ғабидолла Оспанқұловтың іссапары ертең аудан орталығы – Сайқын ауылында жалғасады. Мұнда да білім, денсаулық сақтау, мәдени ошақтарды аралап, жаңа құрылыс нысандармен танысады деп жоспарлануда.

(Облыс әкімі орынбасарының іссапар қорытындысын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар).

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Бөкей ордасы ауданы.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.