5.06.2018, 11:02
Қараулар: 420
1 маусым – балаларды қорғау күні

1 маусым – балаларды қорғау күні

Жүргізушінің осы сөзінен кейін 1 маусым – балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған шара балғындардың мерекелік шеруімен басталды. «Ер Төстік» бөбекжайының бүлдіршіндері мен кішкентай дауылпазшылары, аудандық саз мектебінің фортепианошылары, домбырашылар мен қобызшылары, аудандық балалар шығармашылығы мен туризм және экология орталықтарының тәрбиеленушілері бірі дайындаған бұйымдарын (кеме, робот, планер, т.б.) алып шықса, қайсыбіреулері велосипедпен сап түзеді. Шеруді М.Мәметова, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептердің оқушылары тұйықтады. «Күйшілер аллеясына» жиналған балалар мен олардың ата-аналарын құттықтаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков пен аудандық білім беру бөлімі басшысы Ержан Иманбаев ертеңімізді жалғайтын ұрпаққа бақытты балалық шақ сыйлау мақсатында қолға алынған жайларды тілге тиек етті.

Салтанат аудандық мәдениет үйінде саз мектебі мен бөбекжай бүлдіршіндерінің әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Сонымен қатар аудандық демалыс орталығы балғындарға тегін мультфильм көрсетіп, түрлі викториналық сайыстар ұйымдастырды.

Дәл осы күні кешкісін «Ер Төстік» бөбекжайының «Балбөбек» пен «Зерек» топтарының бүлдіршіндері балабақшамен қоштасты. Би билеп, тақпақ айтып, ән салып, бір сөзбен айтқанда, үйренгендерін паш еткен сүйкімді балапандар:

Біз мектепке барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз,-деп тарасты.

 

Раушан АППАҚОВА.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар