5.05.2018, 9:55
Қараулар: 235
Мерей өсірген марапат

Мерей өсірген марапат

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік шарада аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов көп ұлтты халықты құшағына сыйғызған ынтымақ күнінің маңызына айрықша тоқталып, көпшілікке ең ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, ол ауданның құрметті азаматы, кәсіпқой емес медиатор Ноқаш Қадымовқа облыстық сот төрағасы Б.Әметов пен БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Қапақовтың алғысхатын табыстады. Ноқаш Қадымұлы 2016 жылдың маусымы мен 2018 жылдың сәуір айы аралығында сот өндірісінде қаралған істер (27 қылмыстық, 58 азаматтық, 24 әкімшілік құқықбұзушылық, барлығы – 110)  бойынша тараптардың өзара татуласуына ықпал етіп, медиация институтын дамытуға зор үлес қосқан азамат.

Ғ.Қапақовтың осындай мақтау қағазын кәсіпқой емес медиатор Гүлнар Ғұсманова мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дмитрий Семилиди де иеленгенін айта кеткеніміз жөн.

Иә, мерекеде еңбектері еленген жерлестерімізді біз де құттықтап, алда да абыройлы қызметтерімен көріне берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Зияш ЗАЙНОЛЛИНА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар