17.04.2018, 15:03
Қараулар: 454
Бірлескен рейд

Бірлескен рейд

 

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастамашылық етуімен рейдке шыққан құрамында осы мекеменің бөлім басшысы Талғат Әлішев, аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы инспекторы, лейтенант Қуандық Сұлтанияров және жеке сот орындаушы Бекболат Меңжанов  бар топ жүргізушілерді тоқтатып, автокөлік салығын төлемегендерге ескерту қағазын табыстады.

– Ескерту қағаздары олардың мекенжайлары мен жұмыс орындарына да жіберілген-ді, – дейді Талғат Әмірханұлы. – Алайда, алты айдан бері оған құлақаспай, «әне-мінемен» төлемдерінен құтылмай жүргендер көп. 20 сәуірге дейін төлемесе, борышкерлер тізімін хаттап, сот орындаушысына береміз. Ал, сот орындаушы бережақ иесіне 25 пайыз үстеме қосып, заңды түрде өндіріп алады. Және борышынан құтылғанша автокөлігін қозғауға, өзінің шетке шығуына тиым салып, барлық есепшотын да құлыптауы (арест қоюы) мүмкін.

Бүгінгі істі ертеңге қалдыруға әуес, талап-ережені уақтылы орындауға құлықсыз автокөлік иелері енді ойланар.

Каримолла ҒАЙСИН.