25.03.2018, 12:46
Қараулар: 565
Көрісу айт

Көрісу айт

Сайқын ауылының тұрғындары ала таңнан «Күйшілер» саябағына жиналып, көрісу рәсімін салтанатты түрде атап өтті. Қазақы әндер шырқап, ұлттық киім киген демалыс орталығының қызметкерлері осынау дәстүрлі мерекелік сәтті бейнелейтін көріністермен кеш шырайын аша түсті.

Өз кезегінде аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жамағатты айтулы күнмен құттықтап, ақ тілегін жеткізсе, ауыл имамы Назымбек Иманғалиев дұға бағыштады.

Айта кетелік, мәдениет үйінің алдындағы алаңқайға киіз үйлер тігіліп, жақсылыққа жиналған ауылдастар көже мен ыстық бауырсақтан да ауыз тиді. Шара соңы асық ату ойынына ұласты.

Айша ҚҰРМАШ.