15.03.2018, 12:51
Қараулар: 492
Көрісу айт басталды

Көрісу айт басталды

Биыл көктем кешіккенмен, көрісу мерекесі – мал тұяғы көкке, адам аузы аққа ілінетін кезең. 14 наурыз күні Сайқын ауылының тұрғындары «Күйшілер» саябағына жиналып, көрісу айтты салтанатты түрде бастап кетті. Оларға ұлттық киімдер киген демалыс орталығының көркемөнерпаздары ренжіскендердің де өкпе-реніштерін ұмытып, бір-бірімен төс қағыстыра амандасатын, балалардың үйді-үйді аралап, ата-әжеден бата алатын сәттерін сахнада бейнелеп, күй шертіп, мереке сәнін кіргізді. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жиналған қауымды мейраммен құттықтап, ақ тілегін жеткізсе, ауыл имамы Назымбек Иманғалиев құран оқыды.

Ұлы даланың ұлық мерекесінің салтанатына жиналған көпшілік тігілген киіз үйлерге бас сұғып, наурыз көже мен ыстық бауырсақтардан дәм татты. Шара соңы жасөспірімдердің қазақтың ұлттық асық ату ойынына жалғасты.

Айша ҚҰРМАШ.

Түсініктеме

Макка Умбеталиева:

Ваш комментарий ожидает проверки.

Құрметті. Ауылдастарым.Наурыз мейрамы баршанызга құтты болсын,туған жеріміз көркейіп өсе берсин.Туған жердің тасы да қымбат дегендей.Орда десе елең ете қаламыз.Орда жұлдызы жарқырай берсін мен тұған жерімді мақтан етем, себебі ол менім қасиетті мекенім.