Жаналыктар

АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Қазақтың келіндері-ай!

Күні , 179 рет оқылды

                                Аудандық мәдениет үйінде мерекеге арналып оздырылған «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты байқауға ауылдық округтер мен кейбір елді мекендердегі және аудан орталығындағы қос мектеп пен «Ер Төстік» бөбекжайы қызметкерлері қатысты. Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева барша нәзікжандыларды құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы «Сымбат-көрік» бөлімінде қатысушылар шынайы қазақилықты танытатын қазіргі заманға лайықталған ұлттық киім үлгісімен шығып, иіліп сәлем салып, слайд арқылы өздерін өлең жолдарымен де, әнмен де таныстырды. Мұнда мұратсайлық Тәттігүл Нәсиева өзінің мерекелік жүрекжарды тілегін көпшілікке төрт тілде (қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше) жолдап, тыңдармандарды тәнті етті. «Білгенге – маржанда» салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтар, өлкемізден шыққан ақын-жазушылар, батырлар туралы сұрақтар қойылып, түрлі жағдаяттардан шығу керекті. Бұл сында үміткерлердің басым бөлігі сүрініп, жанкүйерлерін қызартты. Ал, «Қолы алтын» кезеңінде жас келіндер тамақ дайындаудағы, яғни, іңкәл жаюға икемдікдері мен жылдамдықтарын, ұқыптылықтарын көрсетті. Соңғы «Өнегелі де өнерлі» кезеңде бөбекжай тәрбиешісі Ләззат Хайроллина М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын әсерлі көріністермен бейнеледі. Өз кезегінде бабажановтық мұғалім Жұмагүл Темірханова, бегалиевалық мұғалім Мөлдір Есбосынова, жиекқұмдық (Бисен ауылдық округі) кітапханашы Айдана Жәдігерова тамылжыта ән салып, көрермендерді бір серпілтті. Ұялы ауылдық округі әкімшілігінің қызметкері Жансая Аманжолова мен мұратсайлық мұғалім Тәттігүл Нәсиева мың бұрала билеп берді. Байқау қорытындысында ұлттық тәрбиеге сай, ибалылық пен әдептілік, ісмерлік пен ептілік көрсетіп, көпшіліктің ризашылығына бөленген Тәттігүл Нәсиева (суретте) «Аяулы ана» атанып, бас жүлдені жеңіп алса, «Зерделі келін» аталымымен Жансая Аманжолова І орынды иеленді. «Сүйкімді келін» Әйгерім Тінәлиева мен «Өнегелі келін» Маркизат Илашева ІІ, «Өнерлі келін» Гүлшарат Бисенғалиқызы, «Парасатты келін» Алмагүл Әбуова және «Көрікті келін» Мөлдір Есбосынова ІІІ орынға табан тіреді. Сондай-ақ, өзге қатысушылар, яғни, Ләззат Хайроллина «Сабырлы келін», Айдана Жәдігерова «Кішіпейіл келін», Азиза Құсайынова «Сымбатты келін», Гүлназ Құспанғалиева «Ісмер келін», Айдана Ешекенова «Ибалы келін», Жансая Баянова «Инабатты келін», Жұмагүл Темірханова «Мерейлі келін» номинацияларына лайық деп танылып, сый-сияпатқа бөленді.

Айша ҚҰРМАШ.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64