Жаналыктар

АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Жаныңда жүр жақсы адам

Күні , 126 рет оқылды

М.Бегалиева атындағы орта мектепте еңбек жолын осында ұстаздықтан бастаған ауылдың ардақты азаматы,  бүгінде іскерлік қырымен көрініп жүрген Мырзабай Нұрлыбайұлы Боранбаевпен кездесу кеші өтті. Жақсыдан шарапат дарысын деген мақсаттағы шарада оқушылар көпке сыйлы азаматтың тағылымды әңгімесін тыңдап, заман көшінен қалмау үшін еңбектену қажет екенін санаға сіңірді. Ауылдық округ әкімі М.Қитанов, мәдениет үйінің директоры А.Әбдірешева, ұстаздар Т.Қабдығалиев, Г.Есмұқанова, А.Тастеевалар кеш қонағының жақсы ісі, адами қасиеті жайлы әңгіме тиегін ағытты. Кезінде осы білім ұясында өзіндік ізі қалған еңбекқор жанмен кездесу әсерлі өтіп, жастардың көңіліне үлкен ой салды.

С.БАЗАРБАЕВА,

ұйымдастырушы-педагог.

Бөрлі ауылы.

   

Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64