20.02.2018, 8:33
Қараулар: 484
Салықтық тексерістер

Салықтық тексерістер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасы басшысы Жанғабыл Сағынов пен аталмыш департаменттің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы басшысы Тимур Төлепов аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен семинарда салық Кодексіндегі өзгерістер хақында келелі әңгіме өрбітті. Жиынға мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен, Жанғабыл Қарлыбайұлы былтырғы жылдың соңында қабылданған салықтық өзгерістер адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталғанына жиналғандардың назарын аударып, нақты өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар, ол жоспардан тыс салықтық тексерістер 62 пайызға қысқартылғанын, әлеуметтік салық 1,5 пайызға төмендегенін, МӘМС жарналарының мөлшерін, басқа да бірқатар жайларды баяндады. Ал, Тимур Нұржанұлы болса, арнайы салықтық режимдер хақында мәлімдеп, 2020 жылға қарай патентпен кәсіп ету шектелетіндігін жеткізді. Салықтағы жеңілдіктер жұмысшылардың санын көбейтуге жол ашатынын да сөз етті.

Раушан БАҚЫТОВА.