20.02.2018, 7:24
Қараулар: 435
Түлектер тартуы

Түлектер тартуы

Таяуда Саралжын ауылынан түлеп ұшқан өнерпаздар «Сағындым ауылымды» ән кешін көпшілік назарына тарту етті. Жерлестердің бұл бастамалары елді елең еткізген жағымды жаңалық болды. Ауылын аңсап келген бір топ өнерпаздар туған жерге деген махаббаттарын әсем әнмен үзілтіп жеткізді. Шараны ұйымдастырушылар Саралжын ауылдық мәдениет үйіне қазақтың төл аспабы – домбырасын, ал, «өнер мен білімнің егіз» екенін айқындайтын білім ошағы Қ.Сағырбаев атындағы орта мектебіне гитара табыстап, өз ілтипаттарын білдірді.

Нүркен САБЫРОВ,

Саралжын ауылдық округі әкімі.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар