17.01.2018, 11:27
Қараулар: 54
Оқыс оқиға

Оқыс оқиға

Өткен cенбіде, нақтырақ айтсақ, қаңтардың он үші күні сағат 21:25-те №17 өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабар түседі.

Аудандық төтенше жағдай бөлімі қызметкерінің мәлімдеуінше, Сайқын ауылының Егізбаева көшесіндегі № 10 үйден шыққан өрт төргі бөлмеден басталғанға ұқсайды. Осылайша, 120 шаршы метр аумақ қызыл жалынға оранып, Талғат Шапиховтың отбасы қаһарлы қыста баспанасыз қалды. Абырой болғанда, оқиға орын алған кезде үйде ешкім болмаған. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен шығын мөлшері анықталып жатыр.

Раушан АППАҚОВА.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар