17.01.2018, 11:13
Қараулар: 27
Түн ішіндегі өрт…

Түн ішіндегі өрт…

Қаңтар айының тоғызы күні таңғы сағат 4:45-тер шамасында Саралжын ауылы С.Датов көшесіндегі №3/1 үйдің мал және шөп қоралары өртеніп, 5 бас ірі қарасы мен 20 шақты ұсақ малы, 70 бума шөбі жанып кетті. Оқиға бойынша құжаттар жинақталып, тергеу ретімен аудандық ішкі істер бөліміне жолданды. Өрттің себебі мен келтірілген шығындар анықталуда.

Өрт көбіне отты қараусыз қалдыру, тұрмыстық электр немесе газ құралдарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін сақтамау, балалардың отпен ойнауы салдарынан және қасақаналықтан болуы мүмкін екендігін жұртшылықтың есіне салып, ұқыпты да қырағы болуға шақырамыз.

Бақтияр КАТЧЕКОВ,

аудандық төтенше жағдайлар

бөлімінің бас маманы, азаматтық

қорғау аға лейтенанты.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар