17.01.2018, 10:35
Қараулар: 40
Жәңгірхандықтар жарады

Жәңгірхандықтар жарады

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екені бәрімізге мәлім. Оны шәкірттеріне жіті түсіндіріп, оған ден қоюға жетелеу дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне жүктеледі. Осы талап биігінен көрініп жүрген Жәңгір хан атындағы орта мектептің жас маманы Медет Төленғалиевтің шәкірттері (2005-2006 жылы туған  жасөспірім ұлдар) жақында Орал қаласында өткен облыстық чемпионатта баскетбол ойынынан жүлделі ІІ орынға қол жеткізсе, өзі «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қоса, 7-сынып оқушысы Абылай Рахметолла «Үздік шабуылшы» аталымын иеленді. Оқушыларымызды да, әріптесімізді де осынау жетістіктерімен құттықтап, алда да үлкен жеңістер тілейміз.

Жарайсыздар, жәңгірхандықтар!

Нұржауған ІЗТҰРҒАНОВА,

мектеп психологы.

Хан ордасы ауылы.