27.12.2017, 10:30
Қараулар: 16
Шырша шамы жанды

Шырша шамы жанды

р-0268

Аудандық мәдениет үйі алдындағы алаңда Жаңа жылдық шырша нұрын шашты.

Осынау салтанатты шарада аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов сиқырлы таяқшамен әдемі безендірілген шыршаның жарығын қосып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Жаңа – 2018 жылдың мол табыс әкелуіне, аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болуына тілектестігін білдірді.

Сол-ақ екен, Аяз аталар мен Ақшақарлар бастаған жастар керуені алаңды думанға бөлеп, сахнаға қарай бет алды. Өнерпаздар айналасына жарық нұрын шашқан зәулім шырша жанына жиналған аудан тұрғындарын әсем әнге бөлесе, көпшілік қауым мереке кейіпкерлерінің қолынан ұстап, мәз-мейрам болып, шыршаны айнала биледі. Үлкен-кішінің жүзінде шат күлкі, жарасымды әзіл, үстерінде мерекелік костюмдер.

Иә, тағы бір жылдың күнтізбе парақтары түгесілуге таяу…

Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар