27.12.2017, 10:14
Қараулар: 28
Қарияларға қамқорлық кемімейді

Қарияларға қамқорлық кемімейді

р-0264-1

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» атты жобасы аясында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков пен аудандық аурухананың медбикесі Ару Отарбаева тыл және еңбек ардагері, ауданымыздың құрметті азаматы Қапез Қабиевтің үйіне барып, құрмет көрсетті.

Отағасы мен жары Бәтима апайдың денсаулығын тексеріп, қал-жағдайларын сұрады.  Медбике 82 жастағы атамыздың қан қысымы 120/80, жүрек қағысының да жақсы екенін жиналғандарға қуана жеткізіп, үлкен кісілерге дәрігерлік кеңес берді. Қос қария келушілерге өз ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Айша ҚҰРМАШ.