27.12.2017, 9:52
Қараулар: 48
Хан ордасына саяхат

Хан ордасына саяхат

Б-43

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Т.Масин ауылдық округі әкімі Меңдібай Қитановтың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жандар және «Алтын алқа» иегерлері, еңбек ардагерлері Хан ордасы ауылына саяхаттап қайтты. Көптен бері көкейде жүрген бұл ізгі іс барысында олар Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенін тамашалап, құнды жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, ауыл шетіндегі бабалар жатқан кесенелерге зиярат етті. Бұл қайырымдылық шарасына «Жаннат» шаруа қожалығының жетекшісі Мирболат Мұсағалиев демеушілік жасап, үлкендердің алғысын алды.

«Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді» дегендей, ауылдық округ әкімі М.Қитанов, әлеуметтік қызметкерлер А.Аймағамбетова мен И.Сапашеваға  ата-әжелер ризалықтарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Қысқасы, жанды жадыратқан, көңілді серпілткен бұл жолсапар ауылдастарға жағымды әсер сыйлады.

Әйгерім АЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Бөрлі ауылы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар