28.11.2017, 14:53
Қараулар: 143
Валюта айырбастаңыз…

Валюта айырбастаңыз…

г-822

Аудандық «Қазпошта» байланыс торабы бұқараға түрлі қызмет көрсететіні белгілі. Сан алуан төлемдермен қатар бұл мекеме жақында валюта айырбастау ісін де жолға қойыпты. Аталмыш мекеме басшысының міндетін атқарып жүрген Шолпан Хайрошеваның айтуынша, сонау тоқсаныншы жылдары көрсетілген бұл қызмет түрінің қайта қолға алынғанына не бары бір айға жуық уақыт болса да, сұранысқа ие көрінеді. Шекаралық аудан болған соң да шығар, сатылуға қойылған АҚШ долларына қарағанда Ресейдің рубліне екінші рет тапсырыс беріліпті. Сату және сатып алу бағамдары курсқа байланысты күнде өзгеріп тұрады екен. Ал, оны жүзеге асыру операторлар Мәдина Оспанова мен Оралбек Хайретдиновке жүктеліпті.

Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит ашу, несиелік тарихтан үзінді беру, интернет-дүкендерден тапсырысты жеткізу ісі, авиа, темір жол билеттерін сату, банкоматтық картаны жедел (экспресс) ұсыну жұмыстары да жүйелі жолға қойылған.

Иә, банктік қызмет көрсететін ауданымыздағы жалғыз бөлімшенің ұсынымдарды көбейтуі аудан тұрғындары үшін қолайлы болып отыр.

Раушан АППАҚОВА.    

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар