Аудандық орталық кітапхананың оқу залында мамандандырылған күзет қызмет басқармасы Бөкей ордасы бөлімшесі қызметкерлері және М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушыларының қатысымен Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бар әлемге шын танылдық, міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз,-деген шумақтармен ашылған шарада алдымен Елбасы туралы шағын бейнебаян көрсетілді. Күзет мекемесінің бөлімше командирі, полиция старшинасы Азамат Бозов баяндама оқыса, аға сержант Талғат Есенов Н.Назарбаевтың «Ақыл-парасат кітабы» жинағындағы дәйек сөздері туралы түсінік берді. Аға сержанттар Руслан Әжіғалиев, Абзал Азаматов, Мейрамбек Қарабасов, Жалғас Төлеғалиевтар да өз пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, оқушыларға өнеге болсын деген ниетте Елбасының күнделігі мен балалық шағы туралы әңгімеленіп, «Елі және Елбасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Гүлмира ҒАЙСИНА,
орталық кітапхананың кітапханашысы.