28.11.2017, 11:58
Қараулар: 103
Білімге құштар Батыржан

Білімге құштар Батыржан

а-36

Білім көкжиегіне ерте талпынған сайқындық Нұрлан Батыржан Сабыржанұлы (суретте) бүгінде Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сыныбында оқып жүр. Ізденімпаз һәм үлгілі шәкірттің аяқ алысына ұстаздары да дән риза.

– «Бала – балдан,  немере – жаннан тәтті» деген рас екен. Сағынамыз, бірақ, келешек солардікі ғой. Біздің Батыржан да елінің бір елеулі азаматы болып ер жетсе деп тілейміз. Оның қазіргі таным-түсінігіне сүйсінеміз. Мұның бәрі Елбасымыздың көрегенді саясатының және оларды тәрбиелеп жатқан білім ұясының жемісі болса керек,-дейді талапты шәкірттің ата-әжесі Нұрлан мен Сәуле Ибрашевтар.

«Талаптыға нұр жауар» деген Батыржанның болашағы жарқын болуына біз де тілектеспіз.

Нарын ОРДАБАЕВ