28.11.2017, 11:10
Қараулар: 115
Үйірмелердегі инновациялық әдістер

Үйірмелердегі инновациялық әдістер

в-370-1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп базасында оздырылған «Техникалық шығармашылық үйірмелерінде жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану тәсілдері» тақырыбындағы аймақтық семинарға Ақжайық, Қазталов, Жаңақала, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарындағы балалар техникалық шығармашылығы орталықтарының (АБТШО) өкілдері, облыстық орталықтың директоры Шаймардан Шоңыраев бастаған сол орталықтың мамандары, ауданымыздың білім беру бөлімі басшысы Ержан Иманбаев пен бірқатар орта мектеп директорлары қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Н.С.Рахымжанов қонақтарға қош келдіңіздер айтып, Елбасымыз алға қойып отырған жеделдетілген технологиялық жаңартулардың маңыздылығына тоқталды. ОБТШО басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, коммуникацияны дамытып, оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін білікті кадрлардың қажеттілігін тілге тиек ете келіп: «Осы жолдағы алғашқы баспалдақ – техникалық шығармашылық үйірмелері»,-деді.

Шаймардан Рамазанұлы бұл пікірін секциялық отырыста да қайталап, облыстағы техникалық үйірмелер жұмысымен кеңінен таныстырды, алда тұрған міндеттерді саралады. Ауданымыздағы орталықтың директоры Мереке Махимов біздегі істің жай-жапсарынан мағлұмат берсе, облыстық орталықтың әдіскері Айнагүл Мағзомова техникалық шығармашылық үйірмелерде  жаңа технологияларды пайдалану әдістерін баяндады.

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы Айбек Мирғалиев «Зымыран моделіне арналған парашют», оның жәнібектік әріптесі Мақсат Өтепбергенов «LEGO EV3 Robotic Arm – Cyborg Arm», жаңақалалық Бауыржан Қаратаев «Пилотожды ұшақ үлгісін жасау», ақжайықтық Елдос Қыдыров «Аэростат жасау үлгісі», қазталовтық Нұржан Меңдіғалиев «Белгіленген траектория бойынша роботтың жүру алгоритімін құру», бөкейордалықтар Әбдірахман Құрақов «АН-2 ұшағының жасалу жолдары», «Электроқозғалтқышты қолдан жасау технологиясы», Нұрмұханбет Мұстафин «Радиобасқармалы F2U кеме үлгісін жасау» тақырыптарында шеберлік сыныбын өткізді.

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, бөкейлік шәкірттер қолынан шыққан авто, аэро, гидро техникалар үлгілерін тамашалады. Шара соңында оларға сертификаттар табысталып, үздік шыққандары марапатталды.

Каримолла ҒАЙСИН.