28.11.2017, 11:02
Қараулар: 461
Интеллектуалдық ойын

Интеллектуалдық ойын

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға  аудандық білім беру  ұялары да өз үлестерін қосып, әртүрлі шаралар өткізуде. Жақында аудандық мектептен тыс тәрбие орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Туған өлке» интеллектуалдық ойыны да соның бір  жалғасы. Аталмыш шараға «Болашақ» (М-С.Бабажанов), «Жәңгір» (Жәңгір хан), «Адай» (Б.Жәнекешев), «Жерұйық» (Т.Масин), «Ұялы» (Ш.Жексенбаев), «Жасұлан» (А.Құсайынов) командалары қатысты. Ал, М.Мәметова, Қ.Сағырбаев және М.Бегалиева атындағы орта мектеп оқушылары бұл шарадан шет қалды.

Алдымен, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева сөз алып, туған өлкені сүю, оның тарихын терең білу қажеттігін шәкірттер зердесіне құю бағытында тағылымды ой айтты. Бұл танымдық кеште мектептен тыс тәрбие орталығы директорының орынбасары Әсемгүл Күлекеева сайыс тәртібімен түсіндіріп, команда мүшелерінің өздерін таныстыру тренингі де жіп ұшы арқылы жалғасып, әдемі әсер берді. Өз кезегінде Бөкей ордасы ауданы тарихына қатысты қойылған сұрақтарға шәкірттер мейлінше толық жауап беруге тырысты. Нәтижесінде жәңгірліктер І, болашақтықтар ІІ,  жерұйықтықтар  ІІІ орынға ие болса, ал, «Адай» тобына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат табысталды. Оқушылардың зияткерлік сайысын тәрбие орталығының директоры Уағаз Нұрғалиев қорытындылап, жеңімпаздарға Дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, бұл шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев пен білім беру бөлімінің әдіскері Нәйлягүл Нарболова және әр мектептің команда жетекшілері қатысқанын айта кетелік.

Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.