17.10.2017, 12:25
Қараулар: 439
Жүлдемен оралды

Жүлдемен оралды

 

Оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық білім басқармасы, «Өркен» қосымша білім беру орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармаларының ұйымдастыруымен қала және аудан көлемінде баскетболдан «Алтын доп»  мектеп лигасының облыстық турнирі өтті.

Оған ауданымыздың М-С.Бабажанов (жаттықтырушы А.Жанғалиев),  Жәңгір хан (жаттықтырушылары Р.Денгизбаев пен Е.Төленғалиев) атындағы орта мектептердің спорт десе ішкен асын жерге қоятын  ұл-қыздары  (2001-2004 жылы туылған) қатысты.

Турнир қорытындысында Жәңгір хан  атындағы орта мектептің 2001-2002 жылғы қыздары мен 2001-2004 жылдары туылған ұлдары ауылға қола жүлдемен оралды.

    Манарбек АЛТАЯҚОВ,

 аудандық білім

беру бөлімінің әдіскері.