17.10.2017, 12:15
Қараулар: 240
«Шапағат нұры»

«Шапағат нұры»

 

 

Осындай атаумен ауданымызда деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы ашылып, өз жұмысын бастады. 2017 жылдың 27 қыркүйегінде әділет департаментіне тіркеліп, №9415-1926 ҚБ куәлігін иеленген қоғамдық бірлестіктің төрайымы – Омарова Нұргүл Жігерқызы. Олардың негізгі мақсаты – жат ағымдағы діндер туралы шынайы ақпарат тарату, жат діннің шырмауына ілігіп, жапа шеккендерге көмек көрсету.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп Абай хакім айтпақшы, хақ дініміз ислам жолынан ауытқымай, ал, ондайлар байқалса, аталмыш орталықпен байланысып, адасқанды бірлесе түзеуге атсалысайық.

Жаңа бірлестік жұмысына сәттілік тілейміз.

АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ.