17.10.2017, 11:52
Қараулар: 1256
Өшпейтін жарық жұлдыз

Өшпейтін жарық жұлдыз

г-787

 

Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз М.Мәметованың мерейтойына орай «Жарық жұлдыз» тақырыбында конференция-сабақ өтті. Оған М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары мен аталмыш орталықтың «Туған өлке тарихы» үйірмесі мүшелері қатысты.

Социалистік Еңбек Ері, облыс пен ауданның құрметті азаматы Ескендір Есімов, Батыр Мәншүктің анасы Әмина Мәметовамен жүздесіп, пікірлескен тарихшы-өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Амантай Хамзин, батырдың опат болған жері Невель қаласына ауданымыздан тұңғыш барған делегация құрамында болған, Кеңес Одағы кезінде комсомол, партия қызметінде істеген Чарльз Қойшыбаев өздеріне мәлім деректермен бөлісті.

Мекеме директоры Кенжебек Құрмашев Батыр апамыздың ескерткіші Сайқын ауылына әкелініп, тұғырына қонғанына ризашылығын білдірсе, аудандық кітапхананың кітапханашысы Гүлмира Ғайсина М.Мәметованың өмірбаяны мен ерлік жолына тағы бір тоқталды. Мекеме директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Қуаншалиев Мәншүктің бауырлары туралы баяндап, сөзін мына өлең жолдарымен қорытындылады.

Зұлмат соғыс басталды тұтқиылдан,

Жылатып, жанұяны әр қиырдан.

Отанға қауіп төнген осы сәтте,

Барша ұлт – басты қосып бір жиылған.

Соғысқа жігіттермен барды бір қыз,

Жастанып окоптарда қар менен мұз.

Ерекше ерлік жасап, Батыр болған,

Мәншүк ол – қазақ үшін Жарық жұлдыз!

Айшагүл ЕРҒАЛИЕВА,

әдіскер.

Редакцияға хат

Басқа да мақалалар