17.10.2017, 10:21
Қараулар: 380
Әдептілік әрқашан да керек

Әдептілік әрқашан да керек

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айгүл Есекенова аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, олардың әдептілігі, өзін-өзі ұстауы, сөз саптаулары, жұртпен қарым-қатынасы хақында келелі әңгіме қозғады. Елбасы Жарлығымен енгізілген әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің жай-жапсарына тоқталып, ұжымдағы тәлім-тәрбиенің жауапкершілігі түптеп келгенде бірінші басшыға тірелетінін құлағдар етті. Мемлекеттік мекеменің басшысы ғана емес, барша мемқызметкерлердің жұмыста да, одан тысқары жерлерде де жүріс-тұрысымен, іс-әрекетімен өзгелерге үлгі көрсетуі қажеттігін ескертті. Жұмыс жайы, қызмет этикасы, сый беру, сыйлық алу, қызмет көліктерін пайдалану, қонақтық сияқты тіршілік түйткілдері төңірегінде ой бөлісті. Аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы мен мәслихат хатшысы Ерболат Қабденұлы бастап, Әділгерей Уәлиұлы, Бисенбек Жамбылұлы, т.б. бөлім басшылары пікір білдіріп, танымдарын кеңейткендері үшін Айгүл Оразқызына ризашылықтарын білдірді.

Аудан әкімдігінде

Басқа да мақалалар