Мәслихаттың ХІІ сессиясы

 

 

Депутат Н.Тәжімұратовтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясына депутаттармен қатар аудан әкімі, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

 

Күн тәртібіндегі «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» экономика және қаржы бөлімі басшысы Р.Абдоллина, «Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы» жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі І.Хайроллин, «Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы №14-9 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу жайында» жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Еркеғалиев хабарлама жасады. Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысы Б.Насимоллиннің «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын, коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтерді бекіту», аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Кариннің «2017-2018 жылдарға жайылымдарды басқару мен пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту», мәслихат аппараты басшысы А.Хайроллиннің «Мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі №16-1 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу» хақындағы хабарламалары тыңдалды.

Аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов атқарған жұмысы туралы есеп берді. Сессияда талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, келесі сессияның төрағалығына №5 Орда сайлау округінен депутат А.Түсіпқалиева сайланды.

Каримолла ҒАЙСИН.