26.09.2017, 12:51
Қараулар: 388
Сөзден іске көшу керек

Сөзден іске көшу керек

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысын комиссия төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырғаннан кейін «2016 жыл мен 2017 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, алынып жатқан шаралар жөнінде» аудандық ішкі істер бөлімі бастығы, полиция полковнигі А.Алдабергенов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Т.Апақаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Айтқалиев, ұжымда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру хақында аудандық ветеринариялық бөлімнің басшысы Н.Құсайынов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Нүркенов, электр торабы басшысы С.Оңаев, «Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы» ЕК АҚ БҚО филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімі басшысы Р.Әбуов хабарлама жасады.

Отырысты қорытындылаған төраға кей хабарламашылардың нақты істен гөрі жалпылама қағидаларды қуалап, жаттанды пәлсапа соғып кеткендеріне ескерту жасап, сөзден іске көшуді тапсырды. Соңынан хаттамалық шешім қабылданды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Аудан әкімдігінде

Басқа да мақалалар