21.09.2017, 14:57
Қараулар: 31
Бөкейлік жастар жеңісі

Бөкейлік жастар жеңісі

р-0228-2

Орал қаласында өткен Батыс Қазақстан облысы жұмысшы жастарының ІІІ жазғы спартакиадасынан жерлестеріміз жеңіспен оралды. Бұл байрақты бәсекеде жастарымыз жеңіл атлетика, үстел теннисі, волейбол, футбол, қол күресі сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Мұндай сынаққа тұңғыш рет қатысқан жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте ІV орыннан көрініп, мерейімізді тасытты.

Айта кетелік, жекелей сындарда Б.Ғабдолла үстел теннисінен, Е.Қабылхан қол күресінен (70 кг.-ға дейін), Р.Жоламанов қысқа қашықтыққа жүгіруден жүлдегерлер сапынан табылды.

Айымбек ЕГІНҒАЛИЕВ.

Сайқын ауылы.