21.09.2017, 14:53
Қараулар: 320
Мектептегі акция

Мектептегі акция

Балалар әдебиетінің майталманы, жерлесіміз, ананы құрметтеуді құдірет деп танып өткен ақиық ақын Қайрат Жұмағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай Бөрлі ауылдық кітапханасында «Перзент үні» акциясы өткізілді. Оқушыларға ақынның қаламынан туған жырларын, ұлттық поэзиямызға сіңірген өлшеусіз еңбегін, рухани жан дүниемізге қосқан асыл қазынасын таныстыру мақсатында оздырылған шарада ақынның сыр-сандығы ақтарылып, жыр жолдары жатқа оқылды.

Сондай-ақ, 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Жүректен шыққан жырлары» тақырыбында шығармашылық кеш өткізіліп, кітапханашы Д.Қапезова «Сыршыл ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Данагүл ШӘПЕНҚЫЗЫ,

Бөрлі ауылдық

кітапханасының меңгерушісі.