Шекара тәртібі – баршаға ортақ

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында оздырылған шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысын аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ашып, жүргізді.

Күн тәртібіне қойылған екі мәселенің алғашқысы – мемлекеттік шекараны қорғаудағы шекарашылардың құқықтары мен міндеттері хақында баяндаған №2036 әскери бөлімінің аға офицері Азамат Социалов бұл ретте жергілікті биліктің қолдауы аса қажет екендігіне баса назар аударып, шекара аймағындағы тәртіпті қалыптастыру бағытындағы түсінік жұмыстарын бірлесе жүргізуге шақырды. Сонымен қатар Азамат Қайратұлы ел шебінде тұрған сақшылардың қай кезде де қаруды тек ескерту, заңбұзушыны тоқтату мақсатында қолданатынын мәлімдеді. Аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, №2036 әскери бөлім командирінің орынбасары Тимур Қоқабаев, Сайқын ауылдық округі әкімі Мейрамбек Аққалиев және басқа да мекеме, бөлім басшылары қатысқан бұл отырыста бүгінде жергілікті бюджеттің қарамағына берілген «Молодость» жеңілдетілген өткізу бекетінің материалдық жабдықталуы да сөз болып, соңғы уақытта жергілікті тұрғындар малының шекара режимін бұзу фактісі азайғандығы атап көрсетілді.

Отырыс соңында тиісті  хаттамалық шешім қабылданды.

Раушан АППАҚОВА.