20.09.2017, 0:11
Қараулар: 39
Апталық аясындағы шара

Апталық аясындағы шара

а-586

М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте «Отбасы – алтын діңгек» атты апталық аясында сол тақырыпта тәрбие сағаттары оздырылды. Әлеуметтік-педагог Ж.Сұлтанова жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ерекше күтімді қажет ететін  балаларға арналған «Бар мейірім – балаға»  акциясын жүргізді. Жеке кәсіпкерлер Б.Жұмағұлова мен Ж.Сұлтанғалиев демеушілік көрсетіп, балаларға киім-кешек, оқу-құралдарын алып берді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Т.Құзырғалиев пен дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы А.Жанғалиев ұйымдастырған «Толағай» отбасылық сайысында Құрманғалиевтер, Ғаділовтер,  Қабылбаевтар (3-4-сынып), Мөтешевтер, Есболатовтар (5-7-сынып)  жанұялары ерекше көзге түсіп, әртүрлі номинациялар бойынша  марапатталды. Мектеп психологы Т.Хайырова жас отбасылармен «Отбасым – менің қуатым» атты дөңгелек үстел өткізді. 2-7-сыныптар арасындағы «Менің отбасым», «Мен отбасымды мақтан тұтамын», «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы», т.б. атаулы  фотоконкурста А.Қапанова, Е.Ғабыл-Манапов, М.Мейрамбекұлы, М.Төлегенова (5-сынып), Ә.Батырханова (6-сынып), Б.Сахтаров, Ұ.Ғайнетдин (4-сынып) және М.Сапиолла, А.Сарсенғалилердің (3-сынып) жұмыстары «Үздік» деп танылып, Мақтау қағаздары табыс етілді.

Апталық ата-аналардың қатысуымен «Біз – өнерлі отбасы»  атты  мерекелік кешпен қорытыланды.

Арай ҚҰРМАШЕВА,

ұйымдастырушы-педагог.