19.09.2017, 22:16
Қараулар: 20
Спортқа баулып баласын…

Спортқа баулып баласын…

г-757-1

Жас отбасылар мен отбасы институттарының дамуына ықпал ету, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық мәдениет үйі алдындағы алаңда «Толағай» спорттық сайысы оздырылды. Әр топ (құрамында 6-11 жас аралығындағы бала және екі ересек азамат бар) белгіленген алты кезеңнен сүрінбей өтіп, командасындағы бірлікті паш етуі тиіс болатын. Айта кету керек, қатысушылардың қай қасысы да бұл талаптан шыға білді. Оқырманға түсінікті болуы үшін басынан бастайық.

«Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен аталмыш спорттық сайысқа аудандық ауруханадан «Тұлпар», бөбекжайдан «Ер Төстік»,  М.Мәметова атындағы орта мектептен «Чудо» топтары қатысты. Олар «Кім жылдам?», «Кім епті?», «Кенгуру», «Ұлттық ойын» сынды кезеңдерде білімділігін, жағдайға тез бейімделуін, мергендігін байқатты. Осылайша, қызықты да тартымды өткен бұл сайыста Арман Нариман бүлдіршіннің жетекшілігімен «Тұлпар» тобы «Жүйрік отбасы» аталымына ие болса, Зарина Сүлейменнің бастамасымен «Ер Төстік» «Жігерлі отбасы» атанды, «Чудо» командасының топбасшысы Мәдина Оразгелдиеваның кеудесіне «Тапқыр отбасы» лентасы ілінді.

Раушан АППАҚОВА.

 

***

 

Бисен ауылындағы «Салтанат» бөбекжайында тәрбиешілер Бибігүл Мұсағалиева мен Мейрамгүл Наурызовалардың ұйымдастыруымен осында шара өтті. Қазылар алқасының шешімімен өздерінің спорттық дайындықтарын көрсеткен Дудиндер отбасы бас жүлдені жеңіп алса, Аймағамбетовтер, Қожановтар, Мөкешевтер жанұялары тиісінше І, ІІ, ІІІ  орындарға қол жеткізіп, сый-сияпат пен дипломдар табысталды.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.