Құрбан шалынды

Аллаһ Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сияпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да Аллаһ Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді.

Соңғы жылдары ата дінімізге бет бұрушылар қатары жыл санап арта түсуде. Сайқында да солай екенін Құрбан айт намазына жиналған жамағаттың қарасынан аңғарылды. Ауданымыздың бас имамы Назымбек Иманғалиев, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева көпшілікті ұлық мерекемен құттықтап, ниеттерінің қабыл болуларына тілектестіктерін білдірді.

Құрбан айттың үш күнінде мешітте Алла ризалығы үшін бір түйе, бір сиыр және қырық шақты қой шалынып, олардың еті аз қамтылған отбасыларына үлестірілді.

Дәулет ӘЛИЕВ.