29.08.2017, 12:35
Қараулар: 401
Біздің шәкірттер жарады

Біздің шәкірттер жарады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Спорт күніне» арнап, Орал қаласында жасөспірімдер мен қыздар арасында ашық қала турнирі оздырылды. Оған барлық аудандар және спорт интернаттан 100-ден аса спортшы қатысып, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, асық ату, бес асық және шағын футбол сынды сайыстардан өзара сынға түсті.

 

Бұл спорт додасында қазақ күресінен біздің ауданның намысын аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 8 тәрбиеленушісі (жаттықтырушы Т.Жұмағазиев) қорғады. Жетістік те жоқ емес. 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында 51 келі салмақта Бауыржан Асылан ІІ орыннан көрінсе, Бұрхан Әділет (32 келі), Махсот Медет (42 келі), Кәрімов Қуанышбек (51 келі) және 57-ден жоғары салмақта Саху Нұрсұлтан ІІІ орындарды еншіледі.

Жүлдегерлерге Орал қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдары мен дипломдары табысталды. Мерейлері өсіп қайтқан кішкентай палуандарға тек биіктен көріне беріңдер дейміз.

Роман СЕМИЛИДИ,

аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

 директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.