25.07.2017, 10:53
Қараулар: 1271
Субұрқақ іске қосылды

Субұрқақ іске қосылды

а-543

Күні кеше жаңаша кейіпке енген «Күйшілер» саябағында сәнді субұрқақ іске қосылды. Аптап ыстықта салқын суды аспанға атқан әдемі субұрқақ балалармен қоса, үлкендерге де ерекше әсер сыйлауда. Айта кетелік, фонтанның 12 нүктесінен атқыланған  су 3 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Жалпы құны 2 млн. 90 мың теңге тұратын оны «Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша  оралдық жеке кәсіпкер Т.Хамидоллин орнатып, Сайқын ауылдық әкімі аппаратының иелігіне беріпті.

Тұрғындарға қуаныш сыйлаған бұл субұрқақтың жұмыс істеу уақыты сағат 10:00-12:00, 15:00-18:00, 21:00-23:00 болып белгіленген.

Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ.

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар