«Арайдағы» қызықты күндер

Әр бала үшін қызықты уақыт – жаз мезгілі.  Мен осы жазғы демалысымда аудандық «Арай» туристік-сауықтыру лагерінің ІІІ ауысымында демалып, жақсы әсер алып, көп достар таптым. Ондағы тәрбиешілер көптеген көңілді шаралар ұйымдастырып, спорттық, туристік жарыстар өткізді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған интеллектуалдық «Ой мен ойын», «Арай аруы» байқауы, «Көңілді старт», «Спорттық лабиринт» сайыстары, «Велобағдарлау» туристік жарыстары мен жорықтар, т.б. есімізде жатталып қалды. Сондай-ақ, мектеп мұражайларына, саябақтарға саяхат жасадық. Біздің демалысымызды мәнді де, көңілді етіп өткізіп, ұйымдастырған аға тәлімгер Д.Кенжебаевқа, тәрбиеші Н.Халиоллинаға, дене шынықтыру нұсқаушысы А.Тәженоваға және  дәмді етіп тамақ дайындағандары үшін аспазшы апайларға ризашылығымды білдіремін. Маған лагерьде демалған өте қатты ұнады.

Әмина БАТЫРХАНОВА,

М-С.Бабажанов атындағы

орта мектеп оқушысы.

Сайқын ауылы.