Балабақшада жаңа директор

Аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Иманбаевтың 1 шілдедегі №33 бұйрығымен Қадыралиева Айша Мұсақызы «Ер Төстік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындалды.

А.Қадыралиева 1976 жылы 17 шілдеде Бисен ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжді «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша тамамдап, сол жылы өзі түлеп ұшқан Б.Жәнекешев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. 2007 жылы «Салтанат» ясли-балабақшасына тәрбиешілікке ауысқан ол жұмысынан қол үзбей жүріп, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетті 2013 жылы бітіріп, үш жыл сол балабақшада директор болып қызмет атқарған.

Отбасылы. Жұбайы Бекежан Лайықов екеуінің Мадина есімді қызы ІІ курс студенті.