Қос жанұя қуанышы

Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы деген ұстанымды насихаттайтын «Мерейлі отбасы» республикалық байқаудың облыстық кезеңіне аудандық комиссияның шешімімен сайқындық Сейсемәлі Қуаншәлиев пен ордалық Асылболат Оңаевтың жанұялары қатысты. Тартысты жарыс қорытындысында  Қуаншәлиевтер «Білім көкжиегіне ұмтылған отбасы», Оңаевтар «Шежірелі отбасы» номинацияларына ие болды.

Некенің беріктігін, үлкендердің зейнетті өмірін үлгі етуге бағытталған осынау байқауға қатысу кім-кімге де зор мәртебе. Десе де, аудандық кезеңге Мұратсай, Ұялы, Орда және Сайқыннан басқа округтерден үміткерлердің шықпауы көңілге кірбің ұялатты. Жерлестеріміздің жетістігі өзгелерге үлгі болып, енді мұндай олқылықтар орын алмас деген үміттеміз.

Асқар ӘЖІҒАЛИЕВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.