28.06.2017, 17:03
Қараулар: 910
Газет – жаңалық жаршысы  

Газет – жаңалық жаршысы  

 

Газет – оқырмандарымен құнды. Бұл ретте аудандық «Орда жұлдызы» газетінің көзі ашық, көкірегі ояу жанашырлары бір қауым ел екенін мақтанышпен айта аламыз. Редакция ұжымы халықпен етене жақын болуды басты назарда ұстап келеді. Осы бағытта оқырмандардың ой-пікірін, талап-тілегін, ұсыныстары мен мұң-мұқтаждарын білу мақсатында бірқатар  аудан тұрғындарын сөзге тартқан едік.

 

Меруетгүл Әменова – Мұратсай ауылының тұрғыны:

– «Орда жұлдызы» гезетінің әр санын үзбей оқимын. Қоғамдық-саяси бағыттағы басылымның жас буынның да еңбегін ескеріп, тырнақалды туындыларын жиі жариялап тұруы көңіл қуантады. Өйткені, бала тәрбиесінің төңірегінде жүргендіктен, ондағы дүние-танымдық материалдар көлемді болмаса да, қомақты ой тастайды. Жалпы, редакция ұжымы халықпен тығыз байланыста. Әрқашан елдің қамын жеп, тұрғындар жағдайын билікке жеткізіп отырады. Бір сөзбен айтқанда, халық пен биліктің арасын байланыстырушы алтын көпір. Соңғы кезде басылымның тұрақты түрлі-түсті болып шығуы да өз тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Сондықтан әркез аудандық газетке жаппай жазылып, қолдау көрсетейік!

Нұрлан Отарбаев – Сайқын ауылдық округі Жәрмеңке ауылының тұрғыны:

– «Орда жұлдызы» газетіне ауданымызда жазылмайтын адам кемде-кем шығар. Басылым аудандағы болып жатқан жаңалықтардан құлағдар етіп қана қоймай, ауыл шаруашылық тақырыбындағы мақалаларды да үзбей жариялап тұрады. Бұл шаруаға бет бұрған жандарға үлкен көмек. Кәсібін бастаған кез келген азамат өзіне қажетті мәліметті іздейтіні анық қой.

Бүгінде сегіз беттен тұратын, біразы түрлі-түспен шығатын үнпарақтан басқа да жаныңа жақын кез келген ақпаратты оқи аласың. Жалпы, газет – жаңалық жаршысы, ақпарат көзі. Өңірде болып жатқан өзгерістерден құр қалмауға тырысамыз. Ондайда «Орда жұлдызы» басылымының пайдасы ұшан-теңіз.

Орынгүл Маралова – Бисен ауылдық округі Жамбыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы:

– Аудандық басылымның әр санын асыға күтіп, өлке тынысының апталық ақпараттарын зейін сала оқимын. Кейде өзіме керекті танымдық материалдарды да тауып жатамын. Біздің ауыл аудан орталығынан шалғайда орналасқандықтан газет уақтылы қолға түспей жататыны тағы бар. Ондайда ғаламтордан қараймын. Қазіргі әлеуметтік желілер дамыған заманда аудандық басылым да көштен қалмай, барлық желілерге жедел ақпарат жариялап тұратындығы қуантады. Десек те, сол ақпаратты газеттен оқыған әсерлі көрінеді. Әрі «Орда жұлдызының» әр парағы өзіндік үйлесімділігімен оқырманын баурап тұрады. Тақырыптардың өзінен мақаланың көтеріп тұрған жүгін айқын аңғарасың.

Әділет ӘБДІРОВ.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар